Windows 9 емес, Windows 10

Windows 9 емес, Windows 10 - ErKun.kz



Ендігі біз күтіп жүрген windows -тің жаңа ұрпағы Windows 9 болмай бірден Windows 10 болатын болды. Бұл туралы кеше Калифорния штаты, Сан-Франсискода өткен пресс-конференсияда Microsoft уәкілдерінің интерактивті көрсетілімінде айтылды деп хабарлайды cnet.com
Microsoft – Windows 8 ден кейінгі кезекті операциялық жүйе 9 болмайды, ол Windows 10 деп аталатын болады деді.
Бұл жүйе қолданушысы көп болған Windows 7 мен кішкене сәтсіз таралған Windows 8 -дің жақсы жақтарын біріктірген көрінеді. Яғни, жаңа бастау тізімдігі мен тіптіде классикалық өңмен толықтырылмақшы, мақсаты сенсорлы құрылғымен қатар тілтақта және тінтуірді қолдануға бірдей мүмкіндік беру.
Естеріңізде болса Windows 8 ОЖ шығып көп өтпей қарсы сынға ұшыраған еді, себебі бұл жүйе windows -тің дәстүрлі өң үлгісін өзгертіп сенсор экранды құрылғыларға бейімдеген еді, бұнысы көп қолданушыларға ұнамағаны анық, үстел компьютер мен ноутбук қолданушыларына тіптен. Былтыр Windows 8.1 -ді шығарып осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысып еді, мысалы «Бастау» тізімін қалпына келтірді, ал енді Windows 10 -да сол кемішік сымақтарды ойласуға әрекет еткендері көрініп тұр.

Windows 10 келесі жылдың күзіне қарай шығады деп болжануда…
Толығырақ білгіңіз кесе:

Комментарии