Windows -тің .wim құжат үлгісі туралы түсінік

(2014-01-18 04:47:11  erkun.kz те жарияланған)

Windows Vista –дан бастап Microsoft кампаниясы Windows орнату системасына жаңа бір WIM құжатын қолданды.
Бұл құжат ағылшынша Microsoft Windows Imaging Format сөзінің қысқартылған түрі, бір түрлі Image (кескін) құжат үлгісі. 
 Бұл әдетте көп қолданылатын Ghost –тың GHO құжат үлгісіне ұқсамайды, GHO құжат үлгісі қатты дискті (HDD) негіз етеді, ал .WIM құжат үлгісі құжатты негіз етеді. Мүмкін сіздер Ghost системасын пайдаланып запас жабдық (образ) жасаған боларсыздар, бұл құжатты жасаған кезде біз алдымен бір бөлінген дискті немесе барлық қатты дискті талдап GHO құжатын жасайтын едік, онда Ghost программасы екілік оқу жүйесін пайдаланып қаттыдисктағы барлық құжаттарды сол күйден кескінққұжатына сақтайды, бірақ қаттыдисканың пайдаланған үлгісі, құжаттың мазмаұны сиақтылармен есептеспейді. Сондақтан барлық диска үлгісін запастауға және қалпына келтіруге жарамды болады.
Ал құжатты негіз еткен </span>WIM құжатүлгісі қасиеті жағынан да GHO құжатүлгісімен мүлдем ұқсамайды, біз алдымен бұл құжатүлгісін уақытша ZIP, RAR сияқты архив құжаты деп түсінейік, мұнда барлық мазмұндар құжат формасында WIM құжатына сақталады. Оныңүстіне, WIM бір құжаттың ішіне бір уақытта көп ұқсамаған диск кескінін (образын) сақтауға мүмкіндік береді, әрі белгі кодтар арқылы оқу мен өзгертулер жүргізеді.
Бұдан басқа, WIM құжанүлгісі қысу мен бірлестіру мүмкіндігіне де ие. Бірлестіруге келсек, мысалы барлық жағынан ұқсайтын құжаттар, WIM де тек бір құжат ретінде сақталып, бір құжат ұлкендігіндей орын алады, яғни мүлдем ұқсас құжаттарды тек бір құжат ретінде сақтайды, сол арқылы кескінқұжатының көлемін едауір төмендетеді. Тіпті бұл құжат арқылы дисканың әр уақыттағы кескінін ең аз көлемде запастауға болады.
WIM құжатүлгісін жасауда, оны тануда және біржақты етуде imagex.exe бұйрық түріндегі программа қажет болады, Microsoft кампаниясы ұсінған Windows Automated Installation Kit(Windows AIK)та осы программаны қамтыған. 
Егер сізге бұйрық түріндегі басқару қиын болса, программерлер өздері жасаған imagex графикалық терезелі программаны қолдансаңыз болады, мысалы: imagex GUI және WIMTool. Сынап көріңіздер!

Комментарии