ВИРУС. BackDoor.Andromeda.178

    Проблема: флашкадағы файлдарды жоғалтатын вирус. 




    Бір Win XP мен компьютер келді, вирусталған. Негізі белгілі вирус, анау ше, флашкадағы заттарды жоғалтып орнына ярлык тастап кететін. Тек бұрынғысынан ерекшелігі заттарымыз салынған жасырын аты жоқ папка бар, бірақ, ішінде дым жоқ. 

    

Total Commander дегі түрі

Far Manager дегі түрі



    Негізі бұл жердегілердің "Removable Disk (2GB)" дегенінен басқасы жасырын тұр. Анау "аты жоқ" папкада біздің жоғалған папкалар мен файлдар тұруы кк болған. Бұл жолы ештеңе жоқ.
    Файлдарды ғой қалпына келтіру про.лар көмегімен табуға болу керек, ал ана вирустың істеген файлдарын өшіре салу жеткілікті.

    Ендігі мәселе компьютерді осы вирустан аластау керек. Вирус тұрады ау деген бірнеше адрестеріне барып ештеңе таппадым, сосын Dr.Web CureIt түсірдім де сканға жібердім. Нәтиже суреттегідей.



    Яғни, вирус BackDoor.Andromeda.178, жасырынған жері TEMP. 

    Флашканы форматтап, папкалар көшіріп қайта салып көрдім, бәрі дұрыс. Демек, проблема шешілді.

    Жұрттар рекомендаған аналогты бірнеше антиврусті қалдыра кетейін, жұмыстары ұнады:
1) Malwarebytes
2) Spybot - Search & Destroy

    Ал мыналарды тексеріп көрмедім:
3) Spyware Terminator 
4) SUPERAntiSpyware
5) Hitmanpro


P.S.
Іздесең табасың. Вирус түрленуде...


Комментарии