TANYSU


Құрметті оқырман!

Алдымен өзімді қысқаша таныстырайын.
Есімім Дулат. Мектеп кезінен математика, физика, информатика сияқты жаратылыс пәндеріне қызықтым. Соның инерциясымен жоғары оқу орнын техникалық физика пәні бойынша, одан әрі магистр дәрежесін "Информатика" пәні бойынша аяқтадым.
Жалпы компьютерлер мен гаджеттерді жақсы көрем, спорттан баскетболды.
Басқада хоббиларым көп. Мәселен, дизайнерлік, фото өңдеу,  блог жүргізу, т.б.

Үздіксіз өзін дамытуды қос қолдап қолдаймын. Негізінен Өздігінен үйренушімін (самоучка).

Жас кездегі бос уақыттарды аңсап, арасында өкініп жүретін, кітап оқуды тұрақты әдетке айландыра алмай жүрген адамдардың бірімін.

Ал енді блог туралы.

Осыдан алты жыл бұрын wordpress ортасында жеке сайтымды erkun.kz доменімен іске қосқан едім. Ондағы мақсатым ақпараттық технологиялар бағытындағы қазақша контентке өз үлесімді қосу еді.

Бастапқы жылдары уақытымды бөлгеніммен, кейін қараусыз қалды. Соңынан белгілі себептермен осында яғни blogspot -қа көшірдім, бұлай істеудің мен үшін бірнеше пайдалы жағы болды. Мысалы, домен мен орын жалдаудан құтыламын, сосын база мен басқа да файлдардың қауіпсіздігін енді гуглге сеніп тапсыратын болдым дегендей.

Ендігі мақсатым, бұл жерге көбірек көлің бөлу.
Алдағы уақытта осында білген, түйгендерімді көпшілікпен бөлісіп, шимайларымды салып отырамын бұйыртса. 
Егерде сіздерге аз да болса пайдасы тиіп жатса ол мен үшін қуаныш болар еді.

Айтпақшы, менің ютуб каналыма жазылып алыңыздар. Ол жерде қызықты видео сабақтар, лайфхактер және мастер класстар болады.

D.Myrza  (YouTube)
@dulat.q (Instagram)

Комментарии