erkun.kz туралы

Дүниеге келуі



2014 жыл кірген кезі, сайт жасауға деген қызығушылық пен ізденістің жемісі шығып, өмірге erkun.kz атымен жеке блог дүниеге келді. Өзімнің жеке күндеріктерімнен бастап аудармалар, мақалалар және IT әлеміндегі жаңалықтар сияқты тақырыптар жарияланып жүрді. 
Ол кезде ең басты қозғаушы күш қызығушылық еді. 


Сенде жаз...

Мөлшермен жарты жылдан кейін жазбалар сирей бастады, себеп уақыт бөле алмадым. Бір күні таныс жігіт (Алмас) сайтқа қонақта болып, "жазбайтын болғансың ба?" деді. Әрине уақыт жоқтығын айттым. Оның да жаңадан іске қосқан сұрақ-жауап (9v.kz) сайты бар екенін біліп, екеуміз бір-бірімізге көмектесетін болдық. 
Бұл қарқынмен де быраз уақыт өтті...



Қараусыз қалды

Негізі адамға шабыт беретін, алға ұмтылдыратын күштер болмаса ісің далбаса болып қалады екен. Ал сол кездегі мен үшін қозғаушы күш оқырман еді, олардың пікірі еді. Алайда санаулы қонақтардан басқа ынталы, белсенді оқырмандар шықпады, бұл менің сайтты дамытуға деген ынтамды азайтты, "Қазақ тілді IT ортаны қалыптастыруға күш қосамын" деген мақсатымды да бұлуңғырлата берді. Солай ол қараусыз қалды...

Өшпеген үміт

Үш жыл өтты осылай. бірде сіздің оқырманыңызбын деген бір жігіт СМС жазыпты, ол мені оқып тұратынын, ендігі кезекте cisco туралы да тақырып қозғағанымды қалайтынын жазыпты. Және бір оқырманым осы мазмұндағы СМС ін жазған, э-почтама жазғаныда болды. Осылардан кейін кәдімгідей қуандым, керек болған екен ғой айтеу деп қуандым, қуандым да сайтты қайта жандандыруға мотивация алдым. 

Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінемін

Арасында блог ты жеке домен жасап, бас бетке бөлек ақпарат жазайын деп blog.erkun.kz суб доменін қосқан едім. Кейін ыңғайсыздық тудырған соң қайта қалпына келтіргенмін, сол кезде быраз былық болды, ашып айтсам сілтемелердің өз орнын таппауы. 
Уақыт өтіп жатты, бәрібір сайтқа уақыт, көңіл бөле алмадым, биылғы жылдың басынан бастап 4-5 ай домен аты оффлайн болды, ақысы төленбеген, осы салғыттықтан кейін хостингтағы барлық сайт құжаттарын жоғалыттым. Абырой болғанда  бір жыл бұрын сақтап қалған бэкап файлды тауып алдым да, қайта қалпына келтірдім. 
Енді міне бүгін қайта бір қателік шығып басымды айланыдырп жатыр. Админге кіргізбей тастады, соны дұрыстаймын деп қателік үстіне қатлік жамап алдым. Линктердің барлығы істемей қалды, басым ауырыпппп отыр... алдында осы blogger.com ге барлығын көшіріп қайта шығарып, erkun.kz жапсам ба деп ойланып жүр ем, енді тіпті жазбаларыма қол жеткізе алмай қалдым. Негізі ертерек қамдануым керек еді. Хостинг пен доменге төленетін ақшаны үнемдейін деген ой да себеп болған.
Ал мені оқитын оқырмандар, қолайсыздықтар үшін кешірім өтіне отырып алдағы уақытта жазабалар осында жарияланатын болады деп хабарлағым келеді. 

Бұған қоса басқа әлеументтік желідегі парақшалар мен каналдарым туралы ақпараттарды да осы жерде бөлісетін боламын, Алла қаласа дейік!

Комментарии