Компьютеріңізге қозғалтқыш (драйвер) орнатудың жолдары

(erkun.kz те жарияланған)

Драйверлерді қандай жағдайда орнату керек болатынын білетін боларсыз, бұған қысқаша тоқталайын.  Компьютеріңізге жаңадан операциялық жүйе қойған кезіңізде, жүйе ауыстырған кезіңізде немесе компьютеріңізге жаңа құрылғылар жалғағаныңызда (мысалы, принтер, сканер, смартфон т.б.) осы драйверлерді орнатуды сурап жатады. Ал тауып орнатудың бірнеше жолдары бар:

1. Егер драйвер жазылған CD дискі бар болса бұл ең жеңіл жол болады. CD дискті компьютерге салып, төмендегі суреттегідей драйвер тізімшесіне барамыз. Мой компьютер (оң жағын басу) ; Управление; Диспетчер устройств   осында жоқ болған драйвер сары ескерту белгісімен тұруы мүмкін, осыған әкеліп тышқанның оң жағын басып Обновить драйвер ді талдаймыз, одан 2-сын талдап CD дискіні көрсетіп аяқтаймыз, ары қарай өзі орнатады.

2. Егер өзіңізде драйвер болмаса, бірақ компьютеріңіз интернетке қосылған болса мына сайт сізге жақсы көмектеседі <a href="http://drp.su" target="_blank">http://drp.su</a>.  Негізінде бұл сайтта онлайн және офлайн драйвер тауып орнату мүмкіндігі бар, сайтқа кірген соң онлайн нұсқасын түсіріп алып орнатқаннан кейін бағдарлама өзі автоматты түрде жоқ драйверді тауып орнатады. Ал офлайын түін қолданамын десеңіз, толық нұсқасын түсіріп алу керек, алайда оның көлемі өте жоғары болуы мүмкін.

3. Егер интернет жоқ болса ше?! Онда басқа интернетке қосылған құрылғымен керекті драйверді іздеуге тура кереді. Мұның да бірнеше түрлі тәсілі бар, бірі болмаса бірі боларына сенемін:

а) Іздеу жүйелеріне (google, yandex, ...) керекті драйвердің атын, яғни қосқан құрылғының моделін жазып іздеу жүргізесіз. Мысалы:

б) Драйверді сол құрылғының ресіми сайтынан іздеу. Мысалы:

в)  Іздеу жүйелеріне немесе drp.su сайтына драйвердің ID кодын жазу арқылы іздеу. Ол былай: 1-басқыштың басын қайталаймыз, Мой компьютер (оң жағын басу) ->; Управление ->; Диспетчер устройств, сосын ізмекші болған драйверіміздің үстіне барып тышқанның оң жағын басып "Свойство" дегенге кіреміз, сосын "Сведения". ( Свойство ->; Сведения ->; ИД оборудования ), осындағы цифрлар араласқан ағылшын жазулары дарйвердің ID коды болып саналады. Осыны көшіріп алып drp.su -ға немесе іздеу жүйелеріне қойып табуға болады.

г) және басқада драйверды автоматты іздеп тауып, орнатып беретін үшінші жақ программалар интернетте көп, алайда көбі тегін емес, соның ішінде дұрыстау деген біреуін айтсам ол drivermax.

Болды, істеріңізге сәттілік! Қиыншылық туындап  жатса осында жазыңыз!

Комментарии