CDMA -ден LTE -ге даму жолы

(erkun.kz те жарияланған)



   CDMA интернет желісінің жалғастырушы технологиялық үлгісі ретінде LTE анық танылып отыр. 2007 мен 2008 жылдары әлемдегі ең маңызды CDMA операторлары болған Verizon, KDDI сияқтылар іркес-тіркес UMB -ді емес LTE -ді 4G дамуының стандарты етіп алған соң, UMB аяқталғанын хабарлады, содан бастап LTE әлемнің CDMA интернет жүйсенің 4G -ге қадам басқан технология стандарты есептелді.
  Іс жүзінде, UMB мен LTE технологиясында әуелден-ақ мәндік жағынан айырмашылық жоқ еді, екеуі де OFDM және MIMO технологияларының қолданылымын жүзеге асырушысы, интернет желісі құрылымында, тіпті стандарттарында да бірдей. Ал қазыргі 3G ашқан, IP ді негіз еткен ядролық желісі әуелден-ақ ұқсамаған тұтастыру технологиясына деген талғамды қолдайды, оның үстіне OFDM -нің LTE -і CDMA2000 болсын, немесе WCDMA жөнінен алғанда да барлығы жаңа қоспалау (қабатталу) желісі, соңынан сыиысымдылық қаблеті әлдеқашан төмендеген, сондақтан 4G ге қарай дамуда ұқсамаған стандарттарға бас қатырудың еш үлкен өзекті мәні қалмаған.
  Алайда, LTE ді 4 деп айқындап алғанмен, әлі де TDD мен FDD -ны  талдау мәселесі сақталып тұр, яғни TD-LTE -ді талдау, немесе LTE FDD -ді.
LTE FDD дегеніміз CDMA дамуының лайықты уәкілі. Қазыргі CDMA желісі FDD болғандығы себепті, CDMA операторларына қазыргі бар болған FDD дің CDMA желісі негізінде LTE FDD ға көшуі талассыз табиғи жағдай, әрі  тамаша талғам болғаны сөзсіз. Сонымен бірге желілердің құрылысын жоспарлау мен құруда үлкен пайдасы бар, мұнымен Dual-mode желісі ең ұтымдандырылған қаблетке ие болады, әрі қаржы салымын төмендетеді. Multimode терминалдық құрылғыларының өндіріс тізбегіне, халқаралық роумингтерге сонымен қатар кейінгі даму сияқты жақтарда да тиімділігі тіптіде мол.
  Егер бір CDMA операторы LTE технологиясында TD-LTE ді таңдаса, онда байланыс базарында және өндірісінде өте әлсіз және жалғыз өзгеше Dual-mode жиынтығын қалыптастырады, технологияның дамуын тоқыратуға, кешеуілдетуге әкеп соғуы мүмкін, желі құрылысын қаржыландыру молайып, ақаусыз өндіріс ортасын қалыптастыра алмайды, терминалдық өнімдердің түрлері жетіспей, баға көтеріледі, соңғы технологияның дамуына кепілдік төмендейді, кәсіптік сауда мен ұзақ мерсімді даму жөнінен қиыншылық пен қолайсыздыққа белшеден батады.

qiaodahai.com
http://www.makeuseof.com

Комментарии