Mac -тің 30 жылдығы: Алманың Mac машинасын жетілдірген әр қадамы

( erkun.kz те жарияланған)

Mac - Алма серіктігінің 1984 жылы "Macintosh" белгісімен шығара бастаған жеке тұлғаға арналған компьютері еді, бұл құрылғының істеткені дербес Mac OS басқару жүйесі болатын. Ұзақ жылдардан бері бұл Алма өнімінің белгісі өнеркәсіптік жобалаудағы өзгешелігі, қолданылған жүйесі және жоғары орнықтылығы арқасында сансыздаған мадақтаулрады жеңіп алды. Уақыт сырғып 2014 жылға енгенде, Mac машинасы шындығында өзінің орда бұзар отыз жасына келіп үлгерді. Осы уақыт аралығында, Mac үлгендігі, септемесі және сырт келбеті жақтарынан сан мәрте жетілгенімен, өзгеше сапалылығы мен дара жобалау үлгісі жағынан бастан-аяқ өзгермеді.


Сурет түсіндірмесі: 1983 жыл, Алма 3 жыл уақыт жұмсап шығарған Apple Lisa компьютері, бұл сол кездегі  әлемдегі ең алғашқы гарфикалық қолданым беті (GUI)  мен тінтуірді қолданған жеке компьютер еді. Дегенмен,  1983 жылы Apple Lisa базарға салынғанда, Алма серіктігі  тұтынушылардың компьютер құралына деген төзімділік  қаблетін ойласпаған еді, сол кездегі оның бағасы 9935  доллардан жоғары болды, соның нәтижесінде базардағы сатылым жағдайы да мәз болмады. Жұртшылық Apple Lisa дағы Lisa Жобстың  қызы Лизаның есімі деп ойлады, бірақ Алмалықтар оны "Local Integrated Software Architecture" дегеннің қысқартылған атауы деп түсіндірді.

Apple Lisa -ның сатылым жағдайын жақсарту үшін, Алма 1985 жылы бұл машинаға қайта жобалаулар жасады, әрі Lisa деген атауды "Macintosh XL" деп өзгерітті, тіпті бағасыда едәуір арзандап 3495 долларға түсті.

1984 жылы, Алма шығарған 128 к машина түрі траихтағы бірінші нағыз мағналы Macintosh жеке  компьютері еді. Сол кездегі оның бөлшек сату бағасы  2495 доллар болды, бірақ бұл құрылғы өзінің 9 дюм  экраны, 128 К ішкі сақтауышы арқасында әрі көптеген  пайдалы мүмкіндіктері арқасында тұтынушылардың  ризалығына ие болды, сонымен Macintosh -тың да  сатылым мөлшері жоғарлай бастады.

128 K машина түрін шығарғаннан кейін көп ұзамай, Алма дереу 512 K Macintosh жеке компьютерін жарялады. Дегенмен, бұл арада оның алдыңғысынан төрт еселенген ішкі сақтауышынан басқа септемелері негізінен парықталмайтын еді.
1986 жылы, Алма Macintosh Plus машина түрін жарыққа шығарды. Оның қолданғаны 1 MB ішкі сақтауыш еді, әрі бірінші реткі SCSI аузы бар Macintosh машина түрі еді. Бұл өнімнің шығуы кейінгі қатқыл табақша, магнитті табақша, CD-ROM қозғалтқышы, басып шығарғыш, тіпті сырттан жалғанатын монитор сияқтылардың өндірісін дамытуға түрткі болды. Ұзынқұлаққа сенсек, сол кездегі оның бағасы 2599 доллар болған екен.

1989 жыл, Алма ең алғашқы батерямен қуаттанатын  Mac -ты шығарды. Бұл машинаға септелген 16 MHz  қозғалу мүмкіндігі сол кездің теңдессізі еді. Дегенмен,  оның жылдамдығы жоғары болғанымен, салмағы 16  фунт  еді, сол себепті нарықтағы нәтижесі жақсы болды  деп  айтуға келмеді.

PowerBook 1991 жылы алғаш жарық көрді, PowerBook - Алма серіктігінің қолкомпьютерлерінің ішінде тарихы ең ұзақ болып саланалады, тек 2006 жылы MacBook Pro орнын басқаннан кейін ғана сатылуы тоқтатылған. Салмағы өте жеңіл болғаны себепті ол Алманың бірінші реткі нақты ықшамды көмпьютері саналады. Айта кетерлігі, PowerBook -тың дискета қозғалтқышы бөлек болатын (сырттан қосылатын).

Алма 1998 жылы алғаш рет iMac желілес өнімін  шығарды. Ол Алма серктестігінің бас атқарушы  директоры қызметін атқарып жүрген Стив Жобстың  серіктестіктің барлық жетекшілігін қолына қайта  алғандағы бірінші ең маңызды нысаны болатын. Бұл өнім  жартылай мөлдір түсті, сәнді қаптамамен қапталған,  бұрынғылармен салыстырғанда көптеген жаңаша  елементтері бар, заманауи еді, әрі жұмсақ табақша  (дискета қозғалтқыш) түлдем шығарып тасталған, оның  орнына сол тұстағы жоғары техника саналатын USB  аузын (порт) қолданған. Айтып қалуға татитын бір іс,    Жобс ертеден-ақ "What's not a computer!" (компьютерге  ұқсамайтын компьютер!) деген жобалау идеясын осы  iMac -тың жобасы барысында қолданған.

2002 жыл, Алма жаңалық ашу сипатындағы тұтынушылар жеке компьютері iMac G4 -ті шығарды, бұл барлық компьютер саласындағылардыда алақайлатты. Сонымен қатар Алма өзінің жаңалық ашуды жобалау өлшеміне жете алғандығын дәлелдеді, әрі 4 жыл уақыта тағыда жаңалық жарату жобасын іске асыру мүмкіндігінің бар екенін білдірді. iMac G4 -тің икемділік қасиеті мен жалпақ келбеті сол кездегі барлық техникаға қызығушылардың таңдайларын қақтырды, және оның мойын болігінің жіңішке жобалануы экранның алдыға және солға оңға бұруына, созыуына өте қолайлылық жаратты. Сол 2002 жылы Жобс жараялау мәжілісінде iMac G4 -ті шығарған кезде, тіпті барлық көрермендер таңданыстарынан дауыстарыда шығып кеткен екен.

2006 жылы дүкендерде iBook G4 желілес өнімінің  жалғастырушысы, жаңа түрдегі MacBook сатылымға  шықты, әрі нәтижелі түрде iBook G4 желілес өнімі мен ең  соңғы PowerBook өнімінің орнын басты. Сол кезде бұл  өнім өзінің iSight камерасы, майда жылтыр LCD экраны  және ішке жіңішкелікпен еңгізілген пернетақта (тіл  тақта) жобасы арқасында жұтшылықтың марапатына  бөленді.

2008 жылы 19 ақпан күні, Алма сол кездегі әлемдегі ең жұқа қолкомпьютер MacBook Air -ті жарялады, бұл түрдегі 13.3 дюйм LED экранды қолкомпьютерінің ең жұқа тұсы 4 милиметр. MacBook Air қалыптастырған көру сезіміндегі тамаша әсерді тілмен айтып жеткізу қиын, бұл өнімнің осыншалық жұқа болуына LED экраны мен ерекше процессор қолданылуы негіз болған. Оның үстіне, бұл өнім түрінің жаңартылған нұсқасын үздіксіз шығарып отыратындығы, ал ең алғашқы нұсқасында тек 80GB қатқыл табақша (HDD) мен жарық LED мониторы септелген екен.

Ең жаңа түрдегі iMac бұрынғыдан да жұқа әрі үкен, пернетақта мен тінтуірден ажыратылған, өте жұқа әрі үлкен экранмен жабдықталған. Жаңа түрдегі 27 дюймдық iMac нұсқасына жаңа түрдегі Интел процессоры мен Fusion Drive сақтау технологиясы қолданылған, ол дәстүрлі механикалық қатқыл табақша мен лездік сақтайтын чиптік сақтығыш SSD  қатқыл табақшасынан құралған. Қорыта келгенде, Fusion Drive технологиясы автоматты түрде қолданылым жиілігі төмен жұмсақ бөлшектерді жылдамдығы төмендеу механикалық қатқыл табақшаға жібереді, ал жиі қолданылатын жұмсақ бөлшектерді SSD қатқыл табақшасына жібереді, осылай істегенде әрі жылдамдықты жоғарылатуға болады, әрі қолданушыны тіптіде көп сақту бостығымен қамдай алады.

Дерек көз: http://www.appvv.com/news/23835.shtml

Аударып дайындаған: Еркұн.

Комментарии