Жаңа қолтелефон (қолфон) жүйесі Ubuntu phone os

(2014-01-22 02:16:08 erkun.kz те жарияланған)

Ubuntu меңгеру жүйесін білетін шығармыз, егер таныс емес болсаңыз мына сілтемеден көріңіз. Ал бұл жолы айтайық деп отырғанымыз Ubuntu -дың қолфон жүйесі болмақ, қызықсаңыз кеттік сол жаққа... :) 

Былтырғы жылдың басында Canonical компаниясы 2014 жылға қарай өздерінің қолфонға арналған жүйесін тарататыны туралы мәлімдеген болатын. Осыдан кейін барлығын мазалаған сұрақтар туындай бастады, ол оның өміршеңдігі. Яғни, қазіргі қолфон жүйесі алыбы Android пен өзіндік өзгешелігі, қолдаушысы бар iOS сияқты нарық иелеріне бәсекелес бола алама немесе қалқасында жойыла ма деген сұрақтар еді. Төменде жүйенің көрніс суреті.



Алайда, Ubuntu -дің ақылды телефон нарығына қадам басуы нені меңзейді? Қолфон нұсқасындағы Ubuntu қандай қаблеттер көрсетеді? Оның Ubuntu for Android -тан қандай өзгешеліктері бар? Төменде осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.


Қолфон нұсқадағы Ubuntu мен Ubuntu for Android ты салыстыру

Алдымен соңғы сұраққа жауап берейік. Қолфон нұсқадағы Ubuntu мен Ubuntu for Android бірдей емес. Шындығында Ubuntu қолфон жүйесі арнаулы жылжымалы құрылғы меңгеру жүйесі, әрі өзіндік қанқыл бөлшек өнімін қолданады. Ал Ubuntu for Android болса ол кадімгі Android  құрылғысында қозғалтып, істетуге арналған түр. Бұны Android құрылғысында қос жүйені жүзеге асыру әдісі деп түсінсек болады.


Жаңа қолфон жүйесі Ubuntu бұкілдей жаңа интерфейспен қамтылған. Cononical былай деп Ubuntu қолфон жүйесін сипаттайды: " Экран ретті әрі айқын, сіз еш қиындықсыз бір қолданымнан екінші қолданымға ауыса аласыз. "


Қатқыл бөлшекке талабы (қолфон параметрі)


Егер Ubuntu қолфон жүйесін орнатуды қаласаңыз, онда қолфон өндірушілері қатты бөлшекті қалай лайықтау керек? Шындығында, Ubuntu қолфон нұсқасының қатты бөлшекке талабы төмен емес.

Ол үшін төмен болғанда 1 GHz Cortex A9 процессор, 512 Мб де 1 Гб RAM, сонымен қатар 4Гб та 8Гб -тық ішкі сақтау бостығы, бұдан тыс SD карт қолдау және көп нүктелі сезгіш экран болуы керек екен.

Оның шығуы қандай адамдарға қолайлылық алып келеді?

Барлық адамдарға деп айтуға болады. Егер мүмкін болса неге үстел компьютер ретінде көрмеске? Ubuntu қолфон жүйесі касіпорын өкілдерінеде арналған, бұндай қолданушылар бір жағынан кәбинетте жұмысын жүркізеді, енді бір жағынан сырт жаққа шығққан кезде де жұмыс істейді. Ал олар кәбинеттегі компьютерге келген кезде, қолфонды жалғап қосу арқылы да нақты тілтақта арқылы жазу теруге мүмкіндігі бар. Бұл деген сөз Ubuntu қолфоны кәдімгі компьютер ретінде жұмыс істейді деген сөз.

Оның базарға салынуы және бағасы туралы алда айта жатармыз...

Алайда оның өміршеңдігін уақыт көрсетеді, дегенмен ірі бәсекелес болу үшін Ubuntu -ліктер өдеріне жақсы серіктес іздегені ең тиімді шығар деп ойлаймын, жаппай тегін қолданысқа тарқату мен бағдарламалық қамтамасыз етуде кем болса болмайтын жол.

Суреттердің қайнар көзі:
www.engadget.com
z6mag.com
www.oschina.net

Комментарии