Ескі MS Visual C++ 6.0

  


Бізде Microsoft Visual C++ 6.0 ескі нұсқасымен есеп шығаратындар көп, сол үшін оны орнатып беруімді өтініп көп адам келеді. Оны Win 7 ге қою қиын емес, әурелемейді (айтпақшы сегізде де дұрыс орнайтын көрінеді). Ал Windows 8.1 ға қою проблема. 

Бәрі дұрыс қойылады, тек соңында про. ны іске қосқанда суреттегідей жағдай шығады.

Visual C++ 6.0 crash on Windows 8.1 and 8!

 Мұны шешудің бірнеше сайттан қарадым, дегенмен шешілді. Қалай екенін төменде түсіндірем. ( немесе төменде сайттың сілтемесі бар ағылшынша бірақ)

Бірінші шешім.  Жайғана файл есімін ауыстырады екеміз. 

Алдымен %Program Files%\Microsoft Visual Studio\Common\MSDev98\Bin\  деген құжат қалтасына кіреміз. Сосын MSDEV.EXE деген файлдың атауын MSDEV-S.exe ге немесе басқа атауға өзгертіп қоямыз.

Көшірмесін жасап қойсаңызда болады.

Болды. Енді про.маны жаңағы өзгерген атаумен MSDEV-S.exe іске қосамыз.


Rename MSDEV.EXE for Visual C++ 6.0 on Windows 8.1!


Екінші әдіс. Visual Studio 6  және Service Pack 6 көмегімен.

Мына арадан Visual Studio үшін SP6 ны түсіріп аламыз. 

Сосын,  VS6sp61.cab ты архив тен шығарамыз.

Енді осы SP6 дағы MSDEV ішіндегі файлдарды көшіріп алып, \MSDev98\bin және \MSDev98\Bin\IDE  адрестеріне қою керек (іштегі файлдармен жасау replace кк!). 

Сосын ішіндегі про.а ны msdevP.exe немесе msdevS.exe файлдарымен іске қоссақ болады.

MS-VC++ 6.0 on Windows 8.1 via SP6!

СӘТТІЛІК!

(Осындай шешімін тапқан көп жағдайларды жазып қалдырмаған немесе елмен бөліспегенім үшін бір қателікті неше рет қайталаған жағдайлар көп болды. Осыны ескере отырып бір жағы өзім үшін және басқа "қара, сары домалақтар" үшін осында немесе YouTube каналымда бөлісуді әдетке айналдыруға тырысамын деп бекідім.)




Сурет және дереккөз:

Комментарии