Смартфон индустриясы әлі де қарқынды дами ма?!

ЖЫЛДАМ ДАМУ

   Негізі смартфон атауы сонау 90 жылдардан бастап атала бастаған екен. Алайда нағыз смартфондар дәуірінің басталғанына он жылдың ғана көлемі болды, бұлай дейтінім тек 2006-2007 жылдары смартфон базарында айтарлықтай өсу көрсеткіші пайда болған, яғни бұрынғымен салыстырғанда екі есе жоғары болған. 

   Дәл осы 2006 жылы High Tech Computer Corporation өз өнімдерін HTC брендмен шығаруға шешім қабылдап, сол жылдың өзінде әлемдегі ең алғашқы 3G смартфонын HTC MTeoR атымен Windows Mobile жүйесінде шығарды. 

  2007 жылдың ортасында Apple компаниясы алғашқы пернетақтасыз iPhone -ды жарыққа шығарды.

  Осы жылдың соңына қарай Google компаниясы linux  ядросына негізделіп жасалатын мобилдік платформа Android -ті шығаратынын мәлімдеді. Көп өтпей 2008 жылдың ортасында Google компаниясы Android ашық кодын ұсынды. 

   Осы жылдың күзінде әлемдегі алғашқы Андройд смартфон - T-Mobile G1 (HTC Dream) шықты. 

   Және де осы жылы Apple өз аппаратының жаңартылған нұсқасы, 3G мен GPS технологиялары қамтылған iPhone3G -ді жарыққа шығарды және әлемнің 70 тен астам елдеріне жеткізуді жүзеге асырып, сатылымда үлкен нәтижеге жетті.

  Міне, жоғарыдағы мәліметтерді көре отырып осы жылдар аралығын "смартфон алпауыттарының дүниеге келу кезеңі" деп атауға болатын шығар.

  Ал бұдан кейінгі жағдай көбіміздің есімізде болар, Nokia ойыннан шықты, Microsoft Windows phone -мен құтқарушы атанбақ болған ойы жүзеге аспады, ақыры соңында Apple және Андройд смартфондары ғана тайраңдады, жалпы смартфон сатылымы өскен үстіне өсті. Шайқас көбінде Samsung мен Apple смартфондары арасында өтіп жатты.

  Көз жеткізу үшін мына бір статистикаға назар аударайық:


Gartner компаниясы жариялаған 2011 жылғы әлем бойынша смартфон сатылымы есебі






   Бұдан аз ғана уақыттың ішінде Android смартфондарының ерекше қарқынмен өскенін көруге болады, бақандай 6 есе.

ҚЫТАЙФОНДАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

  Осы даму ағысына жәймендеп келіп қосылып, кейін таңқаларлық қарқынмен әлемдік смартфон нарығын емдене бастаған Қытай смартфон индустриясын айтпай кетуге болмас.

   Төмендегі мәліметтерге көз жүгіртейік:


   Бұл 2011-2015 жж. аралығындағы сатылымы жоғары топ 5 смартфондар. Яғни, 3 Қытайлық смартфондар 5 тікке кіріп тұр деген сөз.

   Ал смартфондардың әлемдік бірендтері HTC, SONY немесе LG сияқты компанияларды алдыңғы қатардан таппай қалдық.


Бұл 2015-2016 жж. Қытай ішкі нарығындағы топ 5 смартфондар


   2019 жылы 1 тоқсандағы статистика бойынша Қытайдың  HUAWEI компаниясы 59,1млн. смартфон сатып Apple компаниясын басып озып 2 орынға көтерілді.

  Тіпті, SAMSUNG компаниясы 2018 жылдың желтоқсан айында Қытайдағы смартфон өндірісімен айналысатын заводттарының бірін жабуға мәжбүр болған еді.

   90 жылдардан кейін ғана етек-жеңін жинап, есін әрең тапқан Қытай үшін бұл көрсеткіштер тым көп емес пе деген ой келуі мүмкін, дегенмен бұл шындық. Оның себебі де жоқ емес:

  Біріншіден, IT саласының қарқынды дамуы. Бұл ел сыртқа есік ашып дами бастаған жылдардан бастап осы IT саласына қатты мән берген еді, соның нәтижесінде елде көптеген айти компаниялар пайда болды, мысалға үлкен үштік деп аталатын Alibaba GROUP, TENCENT және BAIDU сияқты алпауыттары бар, оның ішінде Alibaba GROUP тың тек Қытайда ғана ірі емес екенін білесіздер.

   Екіншіден, Тұтынушылардың көптігі. Қытай Халық Республикасының жан саны 2018 жылғы сараптама бойынша 1,395 миллиардқа жетіп әлем халқының 18 % құраған. Бұнің ішінде 15-64 жас аралығындағылар 72% -ға жуық болған, бұл дегеніңіз үлкен тұтынушылар аудиториясы.

   Үшіншіден, стратегия. Бұл төмен баға, жақсы септеме және белгілі деңгейдегі сапа.

 Төртіншіден, арзан еңбек күш. Жан санының көп болуы табиғи түрде еңбек күшінің арзандығына, ал ол өз кезегінде өнімнің төмен бағада болуына әсер ететіні анық.

   Бесіншіден, мемлекеттің көмегі болуы мүмкін.

  Осы фокторлар Қытай смартфондарының әлемге таралып, нарықты иеленуіне жеткіліті болатын сияқты.

БАСТЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП


  2015 жылы әлемде жалпы 1,4372 миллиард дана смартфон сатылған;
  2016 жылы бұл көрсеткіш 1,4734 миллиардқа жеткен;
  Ал 2017 жылы 1,4724 миллиард дана сатылған. 

  Смартфонның орташа қолданыстағы мерзімін 3 жыл деп алып өзімізше қарапайым есеп жүргізіп көрелік.

   Осы үш жылда жалпы қанша дана сатылғанын есептесек 4,383 миллиард дана шығады, бұл әлем халқының мөлшермен 70% да смартфон бар деген сөз. Ал оған дейін қаншамасында болды, жасы тым кішілер мен тып үлкендерді де есепке алмасақ онда 2018 жылы смартфонға мұқтаж адамдар тым аз болуы керек.

  Ия, есептегеніміз тек біздің қарабайыр болжам ғана болғанымен шындыққа аз да болса жақын екенін келесі статистикадан көруімізге болады:



   Аналитикалық компания Canalys тың ақпаратына сенсек, смартфон саудасы осы жылдың 1 тоқсанында 6,8% ке құлдыраған. Жалпы көрсеткіш бойынша қарасақ сатылым соңғы 6 тоқсан қатарынан төмендегенін көреміз.

   Бұлай боларын өндіруші компаниялар сезбей отырған жоқ әрине. Сол үшін де әр қайсысы шығар жол іздеп әлек болуда. Мысалы,

  Жоғарыда айтқандай, Samsung компаниясының Қытай ішінен шығып Ветнам мен Үнді елдеріне ойысуы.

   Xiaomi де әлемдегі адам саны жағынан Қытаймен қарайлас Үндістанға "майшелпек" іздеп кеткені жәйден жәй емес, одан қалды компания өнімдерін көбейтіп әр түрлі электронды бұйымдарды шығаруға бет бұрғаны болашағын ойлағандықтан емес пе...

   Смартфонды айырықша етіп жасау, функционалдығын арттыру, үздіксіз дамуытудың өзі де бір стратегия ғой...

   Біреу келісер, біреу келіспес, дегенмен соңында қорыта келе смартфон индустраясы дамиды, өседі, бірақ үздіксіз, бір деммен емес дегіміз келеді. 


Дереккөздер:
wikipedia.org
www.ixbt.com
habr.com
zh.wikipedia.org

Комментарии