Кейс #1. Куллерді бүлдірмей алып салу

Шаң басқан компьютер корпусының ішін ашқым келмейді. 10 жылдың алдында ондай шаруалар қызық боп көрінетін. (шүкір дейін)



Қысқасы бір коп.тың термопастасын ауыстыру керек болды.
Сонымен әдеттегідей іске кірістім, кірістім де ішін ашсам: мама...😱 куллері бір түрлі екен. (десең е). Ия, мойындаймын. Сондай жиі термопаста ауыстырамын деп алдамай ақ қояйын.



Ары қарап, бері қарап  аналық тақтайшаны алмаса болмайтынын түсіндім😇.  Жалқаулық желкеден тартпаса аса қиын шаруа емес әйтпесе. 

Ең алдымен темір суытқышқа жабысқан куллерді (желдеткішті) алдым.

Тақтаны алдым, артынан куллердің төрт тісі тұрады екен, соларды абайлап итеріп шығардым. 
Енді СПЮ суытқыш куллердің аналық тақтаны жібермей ұстап тұрған төрт шегесін алыдым.
Осымен куллерді шешу аяқталды.
Ескі қалдық термопастаны (майды) тазалап сүрткеннен кейін, жаңа майды процессорға жақтым әуреленіп жүріп.😥
 

Қалған жұмыс суытқыш куллерді қайта тақтаға орнату керек. Ең қиыны осы болды. Сондықтан да осы кейс ті жазып отырмын, келесі жолы абай болайық бәріміз деп.👊



↗ Суретте көрініп тұрғандай төрт шегесі бар қара пласмас отырғыны алдымен орнатып алу керек екен. Тесіктерге салғанда абай болу керек, мен бір тісін зақымдап алдым.😑

Куллердің темір қыстырғышын алдымен бір жағын ( темір басатын жері жоқ жағын) қара пласмас отырғының кетікшесіне ілу керек, сосын екінші жақын темір басқышын басып тұрып ілу керек екен. 
Мен мыжғылап жұріп әйтеу әзер орнаттым.
👍
Соңында, тақтаны қайта орнына орнатсақ болды.

Іс бітті, қосып тексеріп көру ғана қалды.👍👌

Комментарии